Олимпиада туралы

2025 жылғы 22 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ақпаратты қорғаудың математикалық негіздері және криптология» тақырыбында II қалалық олимпиада өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық қауіпсіздік, математикалық криптография және криптология салаларына деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және дарынды жастарды анықтау.

Байқауға Астана қаласының білім беру ұйымдарынан оқушылар қатысты. Қатысушылар өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсетіп, күрделі математикалық есептерді, шифрларды және криптографиялық тапсырмаларды орындады.

Криптология олимпиадасының өту барысы

Олимпиада барысында қатысушылар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға, логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды. Іс-шара оқушылар арасында тәжірибе алмасуға және криптология саласына деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.

Олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, арнайы дипломдармен және сыйлық сертификаттарымен марапатталды.

Осындай зияткерлік іс-шаралар жас ұрпақтың ғылыми әлеуетін дамытуға, ақпараттық қауіпсіздік саласына білікті мамандар даярлауға және криптология ғылымын насихаттауға зор үлес қосады.

Олимпиадаға қатысқан барлық оқушыларға алдағы білім жолында табыс тілейміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Олимпиада марапаты

Олимпиада жеңімпаздары


I орын

1. Садырбек Мухаммадали Русланұлы – Астана қаласы әкімдігінің №60 мектеп-лицейі .


II орын

1. Дәуренбек Әділжан Қанатұлы – №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі .

2. Жумаш Арсен Мадиулы – №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі .


III орын

1. Дуйсенбай Артур – Астана қаласы әкімдігінің №60 мектеп-лицейі .

2. Қайратқызы Зере – Астана қаласының №73 мектеп-лицейі .

3. Ауталиев Бейбарыс Еркінбекұлы – Қоянды ауылының мектеп-лицейі .

Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау