Криптологиядан II Республикалық пәндік олимпиада

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
I ТУР ТАПСЫРМАЛАРЫ (ТЕОРИЯЛЫҚ)
Турдың ұзақтығы: 3 сағат (180 минут)
Максималды балл: 25 ұпай
1-есеп. (4 ұпай)
\(88^{1986}\) санының бестік санау жүйесіндегі соңғы екі цифрын табыңыз.
Шешімін көру
Аналитикалық негіздеме: Негізі \(n\) болатын санау жүйесінде санның соңғы екі цифрын табу, сол санды \(n^2\)-қа бөлгендегі қалдықты табуға тең. Бізге \(88^{1986} \pmod{25}\) керек.
1. Негізді 25 модулі бойынша ықшамдаймыз:
\(88 = 3 \cdot 25 + 13 \equiv 13 \pmod{25}\).
2. Эйлер теоремасын қолданамыз. \((13, 25) = 1\) болғандықтан, \(13^{\phi(25)} \equiv 1 \pmod{25}\).
Эйлер функциясын есептейміз: \(\phi(25) = 25 \left(1 - \frac{1}{5}\right) = 20\).
Демек, \(13^{20} \equiv 1 \pmod{25}\).
3. 1986 дәреже көрсеткішін 20 модулі бойынша жіктейміз:
\(1986 = 20 \cdot 99 + 6\).
Осыдан \(13^{1986} \equiv 13^6 \pmod{25}\).
4. \(13^6 \pmod{25}\) есептейміз:
\(13^2 = 169 = 6 \cdot 25 + 19 \equiv 19 \equiv -6 \pmod{25}\).
\(13^6 = (13^2)^3 \equiv (-6)^3 = -216 \pmod{25}\).
\(-216 \div 25 = -9\) (қалдық 9), себебі \(-216 = 25 \cdot (-9) + 9\).
5. Алынған 9 қалдығын бестік санау жүйесіне ауыстырамыз:
\(9 = 1 \cdot 5^1 + 4 \cdot 5^0 = 14_5\).
Жауабы: 145
2-есеп. (4 ұпай)
Әрбір бит \(p\) \((0 < p < 1/2)\) ықтималдығымен бұрмаланған екілік арнаны қарастырайық. Әр бит қатарынан үш рет қайталанып жіберіледі. Қабылдағыш көпшілік ережесін қолданып шешім қабылдайды, яғни әр үштік битте 0-мен 1 дің қайсысы көп, сол мән қабылданады. Бастапқы битті дұрыс қалпына келтіру ықтималдығын тауып, бұл схема қандай \(p\) ықтималдығы үшін бір биттен жіберуден гөрі жақсырақ екенін анықтаңыз.
Шешімін көру
1. Дұрыс қалпына келтіру ықтималдығын \(P\) анықтаймыз. Көпшілік ережесі бойынша, қате екі жағдайда болмайды:
— Егер үш биттің ешқайсысы бұрмаланбаса: \((1-p)^3\).
— Егер үш биттің дәл біреуі бұрмаланса (3 биттің 1-ін таңдау): \(\binom{3}{1} p (1-p)^2 = 3p(1-p)^2\).
Ықтималдықтарды қосамыз:
\[ P = (1-p)^3 + 3p(1-p)^2 = (1-p)^2 \left( (1-p) + 3p \right) = (1-2p+p^2)(1+2p) \] \[ P = 1 + 2p - 2p - 4p^2 + p^2 + 2p^3 = 1 - 3p^2 + 2p^3 \]
2. Тиімділікті жеке жіберумен салыстырамыз, мұнда сәттілік ықтималдығы \(1-p\). Тиімділік шарты: \(P > 1-p\).
\[ 1 - 3p^2 + 2p^3 > 1 - p \iff p - 3p^2 + 2p^3 > 0 \] \[ p(1 - 3p + 2p^2) > 0 \iff p(1-p)(1-2p) > 0 \]
Шарт бойынша \(0 < p < 1/2\) болғандықтан, \(p\), \((1-p)\) және \((1-2p)\) көбейткіштері әрқашан оң. Демек, теңсіздік бүкіл берілген аралықта орындалады.
Жауабы: \(P = 1 - 3p^2 + 2p^3\); схема \(0 < p < 0.5\) барлық мәндерінде тиімдірек.
3-есеп. (5 ұпай)
\(f(x_{1},x_{2},x_{3},x_{4})\) бульдік функциясы келесі қасиеттерге ие:
1. \(x_{1}\) немесе \(x_{4}\) айнымалыларының біреуінің мәнін қарама-қарсыға өзгерткенде, функцияның мәні де қарама-қарсыға өзгереді.
2. \(x_{2}\) және \(x_{3}\) айнымалыларының мәндерін бір мезгілде өзгерткенде, функцияның мәні де қарама-қарсыға өзгереді.
\(s_{1},s_{2},\ldots\) биттер тізбегі келесі ереже бойынша жасалады: \(s_{k+4} = f(s_{k},s_{k+1},s_{k+2},s_{k+3})\). Тізбектің алғашқы 6 элементі белгілі: 0, 0, 1, 1, 0, 1.
1. \(s_{7}\) және \(s_{8}\) мәндерін табыңыз.
2. Берілген функция сызықты ма? Жауабыңызды негіздеңіз.
Шешімін көру
Ресми шешімі:
1. Функцияның түрін талдау: Берілген қасиеттер айнымалылардың функцияның сызықтық бөлігіне (XOR — \(\oplus\) амалы арқылы) қалай кіретінін анықтайды:
• 1-қасиет бойынша \(x_{1}\) және \(x_{4}\) айнымалылары тек бірінші дәрежесімен \( f \) функциясына кіреді. Шынында да, айталық \(f = x_{1} g \oplus h \) болсын, мұндағы \( h \) -- \( f \) функциясының \(x_{1}\)-ден тәуелсіз бөлігі. Егер \(x_{1}\) айнымалысын терістесек (яғни, \( x_{1} \oplus 1 \) ), онда \( f \) функциясының мәні өзгереді де \( (x_{1} \oplus 1) g \oplus h = x_{1} \cdot g \oplus h \oplus 1 \) теңдігі орындалады. Бұл теңдеуден \( g = 1 \) екені шығады. \(x_{4}\) айнымалысы үшін де дәл осылай.
• 2-қасиет бойынша XOR-қосындысында \(x_{2}\) немесе \(x_{3}\) айнымалыларының тек біреуі ғана қатысады (егер екеуі де кірсе, \(1 \oplus 1 = 0\) болып, оларды бір мезгілде өзгерткенде функция мәні өзгермес еді).
• Жалпы түрі: \(f = x_{1} \oplus x_{i} \oplus x_{4} \oplus \alpha \cdot x_{2} \cdot x_{3}\), мұндағы \(i \in \{2,3\}, \alpha \in \{0,1\} \).

2. Тізбек бойынша параметрлерді анықтау: Берілген кесінді:
\(s_{1} = 0, s_{2} = 0, s_{3} = 1, s_{4} = 1, s_{5} = 0, s_{6} = 1\).
• \(s_{5}\) үшін: \(f(s_{1},s_{2},s_{3},s_{4}) = f(0,0,1,1) = 0\).
• \(s_{6}\) үшін: \(f(s_{2},s_{3},s_{4},s_{5}) = f(0,1,1,0) = 1\).
a) Егер \( i=2 \) болса, онда \(f = x_{1} \oplus x_{2} \oplus x_{4} \oplus \alpha \cdot x_{2} \cdot x_{3}\). Олай болса \(s_{5}\) үшін: \( 0 \oplus 0 \oplus 1 \oplus \alpha \cdot 0 \cdot 1 = 1\). Бірақ берілгені бойынша \( s_{5} = 0 \), демек бұл жағдайда қайшылыққа келдік.
b) Егер \( i=3 \) болса, онда \(f = x_{1} \oplus x_{3} \oplus x_{4} \oplus \alpha \cdot x_{2} \cdot x_{3}\). Берілген сандарды орнына қойсақ
• \(s_{5} = s_{1} \oplus s_{3} \oplus s_{4} \oplus \alpha \cdot s_{2} \cdot s_{3} = 0 \oplus 1 \oplus 1 \oplus \alpha \cdot 0 \cdot 1 = 0 \). Шарт орындалады.
• \(s_{6} = s_{2} \oplus s_{4} \oplus s_{5} \oplus \alpha \cdot s_{3} \cdot s_{4} = 0 \oplus 1 \oplus 0 \oplus \alpha \cdot 1 \cdot 1 = 1 \oplus \alpha \). Бірақ берілгені бойынша \(s_{6} = 1\), бұдан \(\alpha = 0\) теңдігі шығады. Сонымен, \(f = x_{1} \oplus x_{i} \oplus x_{4} \)
Генерация заңы: \(s_{k+4} = s_{k} \oplus s_{k+2} \oplus s_{k+3}\).

3. Есептеу:
• \(s_{7} = f(s_{3},s_{4},s_{5},s_{6}) = f(1,1,0,1) = 1 \oplus 0 \oplus 1 = \mathbf{0}\).
• \(s_{8} = f(s_{4},s_{5},s_{6},s_{7}) = f(1,0,1,0) = 1 \oplus 1 \oplus 0 = \mathbf{0}\).
Функция сызықты, себебі оның құрамында айнымалылардың көбейтіндісі жоқ.
Жауабы: \(s_7 = 0, s_8 = 0\). Функция сызықты.
4-есеп. (5 ұпай)
Жүйеде 6 биттік кілттер жасалады. Кілт келесі шарттардың кем дегенде біреуін қанағаттандырса, «әлсіз» деп саналады:
1. Кілт «00»-ден басталады (\(A\) қасиеті).
2. Кілт «11»-мен аяқталады (\(B\) қасиеті).
3. Кілтте тура төрт бірлік бар (\(C\) қасиеті).
Осы жүйедегі «әлсіз» кілттердің жалпы санын табыңыз.
Шешімін көру
Шешу үшін қосу-алу формуласын қолданамыз:
\(N(A \cup B \cup C) = |A| + |B| + |C| - (|A \cap B| + |A \cap C| + |B \cap C|) + |A \cap B \cap C|\).

1. Жиындардың қуатын есептейміз:
— \(|A|\): түрі \(00xxxx\), \(2^4 = 16\) кілт.
— \(|B|\): түрі \(xxxx11\), \(2^4 = 16\) кілт.
— \(|C|\): 6 позициядан 4 бірлікті таңдау тәсілдерінің саны — \(\binom{6}{4} = 15\).

2. Жұптық қиылысуларды есептейміз:
— \(|A \cap B|\): түрі \(00xx11\), \(2^2 = 4\) кілт.
— \(|A \cap C|\): түрі \(00xxxx\) және 4 бірлігі бар. Жалғыз нұсқа — \(001111\), \(1\) кілт.
— \(|B \cap C|\): түрі \(xxxx11\) және 4 бірлігі бар. Алғашқы 4 позицияда 2 бірлік болуы керек — \(\binom{4}{2} = 6\) кілт.

3. Үштік қиылысуды есептейміз:
— \(|A \cap B \cap C|\): түрі \(00xx11\) және 4 бірлігі бар. Тек \(001111\), \(1\) кілт.

4. Қорытынды есептеу:
\(N = 16 + 16 + 15 - (4 + 1 + 6) + 1 = 47 - 11 + 1 = 37\).
Жауабы: 37
5-есеп. (7 ұпай)
\(p = 2^{13} - 1 = 8191\) жай саны берілсін (Мерсенн жай саны). Бұл жай сан \(p \equiv 3 \pmod 4\) шартын қанағаттандыратыны белгілі. Лежандр символы бізге 2 саны \(p\) модулі бойынша квадраттық қалдық болатынын көрсетеді. \(x^{2} \equiv 2 \pmod{8191}\) болатындай \(x\ (0 \leq x < 8191)\) санын табу қажет.
Шешімін көру
1. 2 санының квадраттық қалынды екенін дәлелдеу:
2 саны квадраттық қалынды болуы үшін \(p \equiv 1\) немесе \(7 \pmod 8\) болуы қажетті және жеткілікті (сандар теориясының стандартты курсы).
\(8191 \pmod 8\) есептейміз:
\(8191 = 8000 + 160 + 24 + 7 \equiv 7 \pmod 8\).
Шарт орындалады, демек 2 -- квадраттық қалынды.

2. \(x\) түбірін табу:
\(p = 8191 = 4 \cdot 2047 + 3\), яғни \(p \equiv 3 \pmod 4\).
Мұндай сандар үшін түбір шығарудың тікелей формуласы бар (сандар теориясы курсы):
\[ x \equiv \pm a^{\frac{p+1}{4}} \pmod p \]
Мәндерді қоямыз: \(a = 2\), \(p = 8191\).
\(x = 2^{\frac{8191+1}{4}} = 2^{\frac{8192}{4}} = 2^{2048} \pmod{8191}\).

3. Есептеуді ықшамдау:
\(p = 2^{13}-1\) болғандықтан, модуль анықтамасы бойынша \(2^{13} \equiv 1 \pmod{8191}\).
2048 дәреже көрсеткішін 13-ке бөлеміз:
\(2048 = 13 \cdot 157 + 7\).
Сонда:
\[ 2^{2048} = (2^{13})^{157} \cdot 2^7 \equiv 1^{157} \cdot 128 \equiv 128 \pmod{8191} \]
Тексеру: \(128^2 = (2^7)^2 = 2^{14} = 2^{13} \cdot 2 \equiv 1 \cdot 2 = 2 \pmod{8191}\).
Жауабы: \(x = 128\) (және \(x = 8191 - 128 = 8063\)).
II ТУР ТАПСЫРМАЛАРЫ (КРИПТОАНАЛИЗ)
Турдың ұзақтығы: 3 сағат (180 минут)
Максималды балл: 35 ұпай
Есеп 1. СЕКБЖР (NLFSR) криптоанализі (10 ұпай)
Бинарлық гамма-генератор ұзындығы 4-ке тең «Сызықтық емес кері байланысты жылжыту регистрінен» (NLFSR) тұрады. Генератордың жұмысы екі функциямен сипатталады:
1. Жаңару заңы: \(s_{t+4} = s_{t} \oplus (s_{t+1} \cdot s_{t+2}) \oplus 1\).
2. Шығыс функциясы: \(z_{t} = s_{t} \oplus s_{t+1} \oplus (s_{t+2} \cdot s_{t+3})\).
Генератордан шыққан алғашқы 4 биттік гамма тізбегі \(Z = (0,1,1,1)\) болса:
а) жүйенің кілтін (регистрдің бастапқы күйін) \(K = (s_{0},s_{1},s_{2},s_{3})\) анықтаңыз;
б) гамманың бесінші битін (\(z_{4}\)) есептеңіз.
Шешімін көру
Ресми шешімі:
1. Берілген \(z_{0},\ z_{1},\ z_{2},\ z_{3}\) мәндеріне сәйкес төрт теңдеу жазамыз:
(1) \(s_{0} \oplus s_{1} \oplus s_{2} s_{3} = 0\);
(2) \(s_{1} \oplus s_{2} \oplus s_{3} s_{4} = 1\);
(3) \(s_{2} \oplus s_{3} \oplus s_{4} s_{5} = 1\);
(4) \(s_{3} \oplus s_{4} \oplus s_{5} s_{6} = 1\).
Жаңару заңы бойынша аралық биттер:
\(s_{4} = s_{0} \oplus s_{1} s_{2} \oplus 1\);
\(s_{5} = s_{1} \oplus s_{2} s_{3} \oplus 1\);
\(s_{6} = s_{2} \oplus s_{3} s_{4} \oplus 1\).

2. Аналитикалық инвариантты табу:
\(z_{0} = 0\) шартынан \(s_{0} \oplus s_{1} \oplus s_{2}{\cdot s}_{3} = 0\), демек \(s_{2}{\cdot s}_{3} = s_{0} \oplus s_{1}\).
\(s_{5} = s_{1} \oplus s_{2} \cdot s_{3} \oplus 1 = s_{1} \oplus (s_{0} \oplus s_{1}) \oplus 1 = s_{0} \oplus 1 = {\overline{s}}_{0}\).
Бұл жүйедегі ең маңызды байланыс: \(s_{5}\) әрқашан \(s_{0}\)-ге қарама-қарсы.

3. Бастапқы күйді анықтау:
Егер \(s_{0} = 0\) болса, онда \(s_{5} = 1\). (3) теңдеу бойынша \(s_{2} \oplus s_{3} \oplus s_{4} = 1\).
\(s_{4} = s_{0} \oplus s_{1}s_{2} \oplus 1 = s_{1}s_{2} \oplus 1\). Бұл жағдай (2) теңдеудегі \(z_{1} = 1\) шартымен қайшылыққа әкеледі.
Егер \(s_{0} = 1\) болса, онда \(s_{5} = 0\). (3) теңдеу: \(s_{2} \oplus s_{3} \oplus s_{4} \cdot 0 = 1 \Rightarrow s_{2} \oplus s_{3} = 1\).
Бұдан \(s_{2}s_{3} = 0\). (1) теңдеу: \(1 \oplus s_{1} \oplus 0 = 0 \Rightarrow s_{1} = 1\).
\(s_{4} = 1 \oplus (1 \cdot s_{2}) \oplus 1 = s_{2}\).
(2) теңдеу: \(s_{1} \oplus s_{2} \oplus s_{3}s_{4} = 1 \oplus s_{2} \oplus s_{3}s_{2} = 1 \Rightarrow s_{2} = 0\).
Онда \(s_{2} \oplus s_{3} = 1 \Rightarrow s_{3} = 1\).
Сонымен, бастапқы күй: \(K = (1,1,0,1)\).

4. Келесі битті есептеу:
\(s_{4} = 0, s_{5} = 0, s_{6} = 0 \oplus 0 \oplus 1 = 1, s_{7} = 1 \oplus 0 \oplus 1 = 0\),
\(z_{4} = s_{4} \oplus s_{5} \oplus s_{6}s_{7} = 0 \oplus 0 \oplus (1 \cdot 0) = 0.\)
Жауабы: а) \(K = (1, 1, 0, 1)\); б) \(z_4 = 0\).
Есеп 2. Гибридті шифр (15 ұпай)
Жүйе аффиндік түрлендіру мен Фибоначчи сандар тізбегін біріктіреді. Шифрлау алгоритмі келесі формуламен сипатталады:
\(C_{i} = (a \cdot P_{i} + b + F_{k + i - 1}) \pmod{26}\),
мұндағы \(a,b\) — аффиндік шифрдың құпия кілттері (\(ЕҮОБ(a,26) = 1\)), \(F_{j}\) — Фибоначчи сандары (\(F_{1} = 1, F_{2} = 1, F_{3} = 2 \ldots\)).
Хабарламаның алғашқы үш әрпі — «A R T», ал шифрмәтін — «K L U G M N M».
а) Барлық құпия параметрлерді (\(a,b,k\)) табыңыз;
б) Хабарламаны толық ашыңыз. (Ескерту: A=0, B=1, ..., Z=25).
Шешімін көру
Ресми шешімі:
1. Әріптерді сандық мәнге айналдыру:
Ашық мәтін: A(0), R(17), T(19).
Шифрмәтін: K(10), L(11), U(20).

2. Теңдеулер жүйесі:
(0) \(F_{k+2} = F_{k+1} + F_{k};\ F_{k+1} = F_{k} + F_{k-1}\);
(1) \((a \cdot 0 + b + F_{k}) \equiv 10 \pmod{26}\);
(2) \((17a + b + F_{k+1}) \equiv 11 \pmod{26}\);
(3) \((19a + b + F_{k+2}) \equiv 20 \pmod{26}\).

3. Салыстырулар жүйесін шешу:
3.1 \(b\) айнымалысын жою:
(2) - (1): \(17a + (F_{k+1} - F_{k}) \equiv 1 \pmod{26} \Rightarrow 17a + F_{k-1} \equiv 1 \pmod{26}\) — (A)
(3) - (2): \(2a + (F_{k+2} - F_{k+1}) \equiv 9 \pmod{26} \Rightarrow 2a + F_{k} \equiv 9 \pmod{26}\) — (B)

3.2 \(a\) айнымалысын жою:
(A)-ны 2-ге көбейтеміз: \(8a + 2F_{k-1} \equiv 2 \pmod{26}\)
(B)-ны 4-ке көбейтеміз: \(8a + 4F_{k} \equiv 36 \equiv 10 \pmod{26}\)
Азайтамыз: \(4F_{k} - 2F_{k-1} \equiv 8 \pmod{26}\).

3.3 Жоғарыдағы теңдіктен тікелей орнына қою (подбор) арқылы \(k\) санын табуға болады.
\(k = 4\) үшін \(F_4 = 3, F_3 = 2 \Rightarrow 4(3) - 2(2) = 12 - 4 = 8 \equiv 8 \pmod{26}\).
Демек, \(k = 4\).

3.4 Қалған параметрлер:
(B) теңдеуі: \(2a + 3 \equiv 9 \pmod{26} \Rightarrow 2a \equiv 6 \pmod{26} \Rightarrow a=3\) (16 жарамсыз, себебі ЕҮОБ(16,26)≠1).
(1) теңдеу: \(b + 3 \equiv 10 \pmod{26} \Rightarrow b = 7\).

4. Дешифрлау:
Параметрлер: \(a = 3, b = 7, k = 4\). Кері кілт \(a^{-1} = 3^{-1} \pmod{26} = 9\).
\(P_{i} = 9 \cdot (C_{i} - 7 - F_{4+i-1}) \pmod{26}\).
• \(C_4 = G(6) \rightarrow P_4 = 9 \cdot (6-7-13) \equiv 4 \pmod{26} \rightarrow \mathbf{E}\)
• \(C_5 = M(12) \rightarrow P_5 = 9 \cdot (12-7-21) \equiv 12 \pmod{26} \rightarrow \mathbf{M}\)
• \(C_6 = N(13) \rightarrow P_6 = 9 \cdot (13-7-34) \equiv 8 \pmod{26} \rightarrow \mathbf{I}\)
• \(C_7 = M(12) \rightarrow P_7 = 9 \cdot (12-7-55) \equiv 18 \pmod{26} \rightarrow \mathbf{S}\)
Жауабы: Толық хабарлама — ARTEMIS
Есеп 3. Эль-Гамаль цифрлық қолтаңбасы (10 ұпай)
Алиса Эль-Гамаль жүйесін пайдаланады: \(p = 23, g = 5, y = 13\). Қолтаңба \((r,s)\) мына формулалармен есептеледі:
\(r = g^{k} \pmod p\) және \(s = (h - xr)k^{-1} \pmod{p-1}\).
Алиса сессиялық \(k\) кілтін әр хабарламада 1-ге арттырып отырды (\(k_{i+1} = k_{i} + 1\)).
Ева екі жүйелі қолтаңбаны қолға түсірді:
1-қолтаңба: \(h_{1} = 10, r_{1} = 20, s_{1} = 12\);
2-қолтаңба: \(h_{2} = 12, r_{2} = 8, s_{2} = 9\).
Алисаның \(x\) құпия кілтін табыңыз.
Шешімін көру
Ресми шешімі:
1. Байланысты талдау: \(k_2 = k_1 + 1\). Бұл деректермен расталады:
\(r_2 = r_1 \cdot g \pmod{23} \Longrightarrow 8 = 20 \cdot 5 = 100 \equiv 8 \pmod{23}\).

2. Теңдеулер жүйесін құру (\(p-1 = 22\) модулі бойынша):
(1) \(12k_1 + 20x \equiv 10 \pmod{22}\)
(2) \(9(k_1+1) + 8x \equiv 12 \pmod{22} \Longrightarrow 9k_1 + 8x \equiv 3 \pmod{22}\).

3. \(k_1\) айнымалысын жою:
(1)-ді 3-ке көбейтеміз: \(36k_1 + 60x \equiv 30 \pmod{22} \Rightarrow 14k_1 + 16x \equiv 8 \pmod{22}\).
(2)-ні 4-ке көбейтеміз: \(36k_1 + 32x \equiv 12 \pmod{22} \Rightarrow 14k_1 + 10x \equiv 12 \pmod{22}\).
Азайтамыз: \(6x \equiv -4 \equiv 18 \pmod{22}\).

4. \(x\) мәнін табу:
\(6x \equiv 18 \pmod{22}\). Теңдеуді ЖАҚ(6,22)=2-ге бөлеміз: \(3x \equiv 9 \pmod{11}\).
ЖАҚ(3,11)=1, сондықтан 3-ке бөлеміз: \(x \equiv 3 \pmod{11}\).
Бұл құпия кілт үшін екі үміткер береді: \(x \equiv 3 \pmod{22}\) немесе \(x = 3+11 = 14 \pmod{22}\).

5. Ашық кілт бойынша тексеру:
\(y = g^x \pmod{p} \Rightarrow 13 = 5^x \pmod{23}\).
- Егер \(x=3\) болса, \(5^3 = 125 \equiv 10 \neq 13 \pmod{23}\).
- Егер \(x=14\) болса, \(5^{14} = (5^7)^2 = 17^2 = 289 \equiv 13 \pmod{23}\). (Дұрыс).
Жауабы: \(x = 14\).