Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2025 жылдың 22 ақпан күні қаланың оқушылары арасында «Ақпаратты қорғаудың математикалық негіздері және криптология» II қалалық олимпиадасы өтті.
Ұйымдастырған бұл іс-шараға келген ҚР жоғары оқу орындарының студенттерінің қызықты криптология әлемінде өз білімдері мен дағдыларын көрсету алаңына айналды.
Олимпиадаға ҚР жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Бұл криптолог-студенттер өздерінің жоғары оқу орындарының танытып қана қоймай, сондай-ақ жұмбақтарды, шифрларды және математикалық алгоритмдерді шешуге деген құштарлығын көрсетті.
Олимпиаданың ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға олардың еңбекқорлығы мен криптологиядағы жоғары білімін бағалап, естелік сыйлықтар табыс етті. Мұндай іс-шаралар білім берудің беделін көтеріп, дарынды студенттерді криптология мен онымен байланысты салаларды одан әрі оқуға ынталандыратыны сөзсіз.
Жүлделі орындарға ие болған олимпиада жеңімпаздары сыйлық сертификаттарымен марапатталып қана қоймай, сонымен қатар криптология саласындағы зерттеулерін жалғастыруға ынталандырылды. Бұл сертификаттар олардың осы қызықты саладағы әлеуетін мойындау мен қолдаудың символына айналды.
Криптологиядан олимпиада оқушыларға жарқын естеліктер қалдырып қана қоймай, көптеген басқада оқушыларды шабыттандырады деп сенеміз. Бұл іс-шара криптология саласындағы білімді дамытудың маңыздылығын атап өтті және цифрлық әлемде қауіпсіздікті зерттеушілердің жаңа буынын ынталандырды. Зерделі жастар үшін криптологияның қызықты әлеміне есік ашатын осындай іс-шаралар жалғасын тауып, ары қарай дамиды деген сенімдеміз.